Хо | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,2 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
индуизм, дәстүрлі нанымдар. |
Хо — Үндістандағы халық, негізінен Джаркханд штатында, Сингхбхум аймағында, сондай-ақ Орисса және Батыс Бенгалия штаттарында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн. адам.[1]
Тілі - мунда тілі.[2] Деванагари жазуын немесе варанг-кшити түпнұсқасын қолданады.[3]
Сенушілер индуистар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[4]
Негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (күріш, тары, бұршақ дақылдары), терушілік, аңшылық, балық аулау. Ірі қара мал шаруашылығының (ешкі, қой, сиыр, буйвол) маңызы төмендеуде. Жастар қалаларға кетіп жатыр.[5]
Әр ауылда киелі тоғай, зират, ғұрыптық билер алаңы бар. Қазіргі заманғы хо айтарлықтай әлеуметтік стратификацияға ие, жұмысшы табы мен интеллигенция қалыптасты. Қалыңдыққа төленетін төлем өте жоғары (10-нан 70 бас ірі қараға дейін), мал ақшаға көбірек ауыстырылуда. Бақсылардың, әсіресе әйел бақсылардың рөлі зор.[6]