Шортантәрізді ақмарқа

Шортантәрізді ақмарқа

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Тұқытәрізділер
Тұқымдасы: Тұқылар
Тегі: Aspiolucius
Түрі: A. esocinus
Екі-есімді атауы
Aspiolucius esocinus
(Kessler, 1874)
Синонимдері
  • Aspius esocinus Kessler, 1874

Шортантәрізді ақмарқа (лат. Aspiolucius esocinus) – тұқытәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Негізгі мекені – Орта Азияның су айдындары. Әмудария мен Сырдарияның жазыққа шыққан бөліктері мен суландыру каналдарында өмір сүреді. Соңғы кезде Шортантәрізді ақмарқаның қазақстандық ареалы біршама азайған, соңғы 40 жылда кездеспеген.

Ұзындығы 50 см - ден асады, салмағы - 3 кг. Дене пішіні жұмыр, басы ұзын (ол денесінің ұзындығының 25%-дай мөлшеріне тең), көздері кішкентай, аузы үлкен. Астыңғы жақтары ілгері қарай ұмсынған және олардың ортасында үстіңгі жақтарының ортасындағы ойыққа кіретін төмпешігі бар. Арқа қанаты тік, олар құрсақ қанаттарына қарсы орналасқан. Денесі күміс түстес, қабыршақтары ұсақ, ұзындығы 63 см-ге дейін (қанатын қоспағанда), салмағы 3,5(5) кг. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі (ұзындығы 45 – 50 см болғанда). Ақпан – наурыз айларында өзендердің қатты ағысты жерлеріне, су темп-ратурасы 5 – 10°С болғанда уылдырығын (саны туралы дерек жоқ) шашады. Бұлар тез өсетін балықтар. Негізінен балықтармен (сүйрік қанат, қылыш-балық, тарақ-балық, талма-балық, т.б.) қоректенеді. Таралу аймағы қай жерде де өте аз. Қазақстанда Шортантәрізді ақмарқа соңғы рет 1953 ж. Жаңашиелі жармасынан ұсталды деген мәліметтен басқа дерек жоқ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Красная книга Казахстана, т. 1, 3 изд., А., 1996.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том