Қазақстандағы уақыт республика үкіметінің қаулысымен реттеледі, оған сәйкес UTC+5 уақыт белдеуі қолданылады. Қазақстанның шеткі шығыс және Батыс нүктелері арасындағы географиялық бойлық айырмасы 40°45' құрайды, бұл жергілікті күн уақытының айырмашылығына 2 сағат 43 минут сәйкес келеді. Іс жүзінде республика аумағы төрт географиялық уақыт белдеуінде орналасқан: UTC +3, UTC +4, UTC +5, UTC +6.
2005 жылдан бастап жазғы уақытқа көшу қолданылмайды.
№775 «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары UTC +5 белдеуде, ал қалған облыстар UTC +6 белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы «облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін» жасалған. Қаулы облыстар әкімшілігі мен экономика және Әділет министрлігімен келісілген.[1]
2021 жылы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның UTC+5 Бірыңғай уақытына көшуі туралы пікірлер мен ұсыныстар жинауды ұйымдастырды. В. Фесенков атындағы Астрофизика Институтының мамандарынан келген ұсынысты генетика және физиология институты, сондай-ақ география және су қауіпсіздігі институты қолдады, ол өзгерістердің халықтың денсаулығына, экономикасы мен саясатына ықтимал әсерін алдын ала зерттеу қажеттілігін атап өтті.[2] 2023 жылы ұсынысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп зерттеді. 2023 жылғы ақпанда депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен ғылыми ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.[3]
Жұмыс тобының қорытынды отырысында ғалымдар мен сарапшылар UTC+5 Бірыңғай уақытын енгізу туралы ұсынысты қолдады.[4][5] Сағаттарды 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні аудару ұсынылды.[6]
1 наурыз 2024 жылы ел бойынша UTC +5 біртұтас уақыт белдеуі орнатылды.
Алайда қоғамда бұл өзгеріс қолдау таппай, бірыңғай белдеуді жоюға петиция ұсынылды.[7]
Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған бірде Сауда министрлігі деп, бірде жалғыз мәжіліс депутаты ғана болған деп айтылады.[8]