Футбол Қазақстанда ең әйгілі спорт түрлерінің бірі саналады. Қазақстандық футболдың басқарушы органы болып 1992 жылы құрылған Қазақстан Футбол Федерациясы табылады. 1994 жылы Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2001 жылға дейін Азиялық конфедерацияға кірген болса, 2002 жылы UEFA құрамына өткен.
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.[1]
Қазақстанның алғашқы футбол клубтары 1913 жылы Семей қаласында пайда болған. [2]
Семей қаласында ССК, “Олимп”, “Ласточка”, “Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқдоп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады.
Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 - 1961) өнер көрсеткен. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіп келді.
Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және “Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына жол ашты.
Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді.
Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды.
Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің 1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.
Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.
Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.
Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».
Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо»
Алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградтық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік “Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақ КСР Футбол Федерациясы құрылды.
Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.
Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.
Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты.
Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.
Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді 0:0 нәтижесімен аяқтап, Белая Калитвалық “Трудтан” 2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.
Алматылық “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.
Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.
КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.
Кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық “Динамо” қол жеткізді.
Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.
Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.
Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.
Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.
Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.
Павлодарлық “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.
Алматылық “Қайрат” “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат” 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.
Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын” жеңімпаз атанды.
"Футбольное обозрение" бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік "Днепрдің" қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.
Жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.
Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.
Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеңімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы “Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты.
Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.
Алматылық “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды.
1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыс ұйымдастырылып, екеуінде де "Қайрат" клубы чемпион атанды.
Сол жылы Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы тұңғыш жолдастық кездесуін өткізіп, 1 маусымда Түрікменстан құрамасын 1:0 есебімен ұтты.
Тұңғыш рет әуесқой лига футбол чемпионаты (кейін Футболдан Қазақстан Бірінші лигасы боп өзгерді) ұйымдастырылды.
Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Азия кубогы және Олимпиада іріктеулеріне қатысты.
Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионаттарының іріктеуіне қатысты.
2002 жылы 25 сәуірде Қазақстан футбол одағы Азиядан Еуропаға өтті. Сол жылы Қазақстан клубтары еурокубоктерде ойнай бастады.
Қостанайдың "Тобыл" клубы посткеңестік елдер арасында алғашқы әрі соңғы болып Интертото кубогының жеңімпазы атанды.
Қазақстан футбол лигасының жүйесі 3 сатыдан тұрады. Басқарушы мекеме екеу: Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы және Қазақстан футбол федерациясы.
Деңгей | Лига/Дивизион | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Қазақстан Премьер Лигасы 15 клуб | ||||||||||||||||||||
2 | Қазақстан Бірінші Лигасы 13 клуб | ||||||||||||||||||||
3 | Қазақстан Екінші Лигасы 20 клуб | ||||||||||||||||||||
Батыс 4 клуб |
Орталық 2 клуб |
Оңтүстік 6 клуб |
Солтүстік 4 клуб |
Шығыс 4 клуб |
|
|
|