Қарақызыл жуа

Қарақызыл жуа
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Allioideae
Тайпасы: Allieae
Тегі: Allium
Түрі: A. atrosanguineum
Екі-есімді атауы
Allium atrosanguineum
Schrenk

Қарақызыл жуа (лат. Allium atrosanguineum) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік. Тянь-Шаньның, Жоңғар Алатауының және Тарбағатайдың биік жоталарымен таралған. Әсіресе Іле Алатауында көп, альпі және субальпі белдеулеріндегі ылғалды учаскелерде кең көлемді шілік құрады. Пиязшықтары сопақ,әдетте бірнешеуден қысқа тамырсабаққа шоғырланған. Сабағы үрленген биіктігі 50 см-ге дейін, 1-3 цилиндр тәрізді, үрленген жапырақтармен. Гүлшоғыры аз гүлді 15-ке дейін босаң шатырға ұқсас, гүлдері ашылғанға дейін қарақошқыл түсті жарғап қап киеді. Гүлсерігі қоңырау тәрізді қапқа ұқсас боялған, бірақ үлкейтілген күйінде анық байқалатын өзіне тән дақтарымен. Аталықтары және бағана түйіндер гүлсерігінен қысқа сондықтан қылтиып шықпайды. Бұл түр маусымнан-тамызға дейін гүлдейді, жемістері шілде-қыркүйекте піседі. Биік тау ландшафтарын, альпі төбешіктерін безендіруші, сәндік өсімдік,жабайы және үй жануарлары үшін азық. Жапырағы және сабағы жас күйінде жеуге жарамды. Тағамға көкөніс ретінде пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727