Қар қазтабаны | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Potentilla nivea L., 1753 |
Қар қазтабан (лат. Potentilla nivea) - раушангүлділер тұқымдасының көпжылдық өсімдігі.
Алтай, Тарбағатай және Солтүстік Тянь-Шань биік тауларын мекендейтін Қазақстанда кездесетін 50 түрдің бірі.
Тамырсабағы өте жақсы жетілген, қысқарған вегетативті және бірнеше генеративті өркендері бар, онша биік емес (5-15 см) көпжылдық өсімдік.
Сабағы және жапырағаның астыңғы жағы қалың жабылған. Тамыр мойнындағы жапырақтары ұзан сабақты, үш тақталы болып келеді.
Жапырақтары дөңгелек (ұзындығы 1,2 см), барлық жағынан онша терең емес доғал тістері бар. Жоғары сабақтағы жапырақтары өте ұсақ, отырыңқы болып келеді.
Гүлдері ашық-сары, өте үлкен ( ұзындығы 1,8см) жеке дара немесе 2-3-тен төбе гүлшоғырына жинақталған. Тостағаншалары азғана түкті, екі қатарға бестен орналасқан, сыртқысы ішкісінен қысқалау болып келеді. Күлтесі жүрек тәрізді, үш жағынан аздап ойылған. Аталығы жиырма, аналығы көп санды, жоғары мойынды, аузы кеңейген. Қазтабан шілде маусым айларында гүлдейді, жемістері жаңғақ тәрізді басқа жиналған тамыз қыркүйек айларында піседі.
Мал азықтық, омарталық және сәндік өсімдік. Тибет халық медицинасында іріңді жараны емдеу үшін қолданылады.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Potentilla nivea |