Қақтығыс (Конфликт; collision) - екі жұмыс бекеті (станциясы) бір уақытта жеткізу ортасын (кабельді) пайдаланбақшы болған жағдай. Бұл кезде электр сигналдар бір-біріне жапсарласқандықтан екі хабар да бөлінеді. Сондықтан қақтығысқа қатысушының екеуі де хабар жеткізуді қайталауға мәжбүр болады.
Қақтығысты анықтау (Определение конфликта; collision detection) — екі оқиғаның дәл келу фактісін анықтау. Спрайт-графикте жадтың бір элементіне екі мән телінуі мүмкін және мұны бағдарламалаушы есінен шығармауы тиіс. Мысалы, торпеданың бейнесі корабльдің бейнесіне сай келсе, онда экранда жарылыс суреті пайда болуы мүмкін, осыдан кейін объектілер экраннан жоғалып кетеді. Егер әртүрлі мақсат үшін сол бір ғана байланыс жүйесі пайдаланылатын болса, желіде қақтығысты анықтау қажет болады, араластыруға қатысты, егер жадтың бос емес ұяшығына басқа ақпараттың жазылу мүмкіндігін тану керек болса, онда қақтығысты анықтау жаңа ақпаратты басқа ұяшыққа бағыттау үшін қажет болады.
Қақтығыстық жағдай (Конфликтная ситуация; disputed situation) — 1) ойындар теориясында қарама-қарсы мақсатты көздейтін екі немесе одан да көп тараптың мүдделері қақтығысатын жағдай; 2) екі немесе одан да көп мәселенің бір мезгілде бір ресурсқа ұмтылған кезіндегі есептеуіш жүйенің қалып-күйі.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |