Әкім

ӘкімҚазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.

Қазақстанда әкім лауазымы президенттік жүйеге көшу барысында 1992 жылы 1 ақпаннан бастап халық депутаттары жергілікті Кеңесінің атқару комитетінің орнына енгізілген.[1] 1995 жылғы Конституцияға дейін әкім лауазымы орыс тілінде әкімшілік басшысы (орыс. Глава администрации) деп аталды. Қазір бұл лауазым Ресей Федерациясына жалға берілген Байқоңыр қаласында сақталған.

Қазақстаннан бөлек әкім деп аталатын жергілікті билік басшысы Қырғызстанда (аким), Өзбекстанда (hokim) және Түрікменстанда (häkim) кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы әртүрлі деңгейдегі әкімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өңір басшысы көптеген елдерде губернатор, префект, қала басшысы мэр, бургомистр, аудан басшысы супрефект деп аталады.

  • Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімін 1992 жылдан бері Президент тағайындайды. 1995—2009 жылдары Премьер-министрдің ұсынуы бойынша тағайындаса, 2009 жылдан бастап облыстық (қалалық) мәслихаттың келісімімен тағайындайды.
  • Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін 2025 жылдан бастап халық тікелей сайлайды. 1992—2007 жылдары облыс әкімі Президенттің келісімімен, 2007—2024 жылдары аудандық (қалалық) мәслихат келісімімен тағайындап келді.
  • Республикалық (облыстық) маңызы бар қала ішіндегі аудан әкімін қала әкімі тағайындайды. 1992—2007 жылдары президенттің (облыс әкімінің) келісімімен, 2007 жылдан бастап қалалық мәслихат келісімімен тағайындайды.
  • Ауыл (аудандық маңызы бар қала) әкімін 2021 жылдан бастап халық тікелей сайлайды. 1993—2013 жылдары облыс әкімінің келісімімен аудан әкімі тағайындап келсе, 2013—2021 жылдары аудан әкімінің ұсынуы бойынша аудандық мәслихат сайлап келді. [2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]