2011 жылғы бокстан Азия чемпионаты

Бастапқыда Сирияда өтуге жоспарланған, кейін ол елдегі саяси тұрақсыздық үшін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 2011 жылы тамыздың 4 мен 12 аралығында өткізілген. Жарыста олимпиадаға жолдама берілмегенімен, Азия елдері құрамалары үшін Әлем біріншілгіне дайындық ретінде маңызды дода болып табылады. Оңтүстік Корея құрамасынан басқа елдер жарысқа екінші құрамаларын әкелді, дегенмен де Бейжің 2008 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жанг Жилей сияқты жұлдыздар да болды. Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында бокстан ересектер арасында ХХVІ Азия чемпионатына Азияның 24 елінен 200-ге жуық боксшылар қатысты.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа екінші нөмірлі боксшыларын жіберді

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 49 кг. Азамат Исақұлов,
  • 52 кг. – Ілияс Сүлейменов (күміс),
  • 56 кг. – Мәди Шолақов,
  • 60 кг. – Айдар Өмірзақов, (алтын)
  • 64 кг. – Алмасбек Әлібеков,
  • 69 кг. – Рустам Сыбаев (күміс),
  • 75 кг. – Дәурен Елеусінов,
  • 81 кг. – Арман Рысбек (қола),
  • 91 кг. – Данияр Үстембаев,
  • +91 кг. – Досжан Оспанов (алтын).

Марапаттарды бөлу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Санат Алтын Күміс Қола
Ең төмен деңгейдегі
(49 кг дейін)
Корея Республикасы Син Джон Хун Үндістан Амандип Сингх Өзбекстан Әлішер Махмұдов
Қырғызстан Асылбек Назаралиев
Аса жеңіл
(52 кг дейін)
Қытай Чан Юн Қазақстан Ілияс Сүлейменов Иордания Мохаммад әл-Уәди
Филиппин Рей Салудар
Жеңілірек
(56 кг дейін)
Тәжікстан Әнуар Жүнісов Моңғолия Доржнямбуугийн Отгондалай Қытай Республикасы Гао Чжиюань
Корея Республикасы И Джин Ён
Жеңіл
(60 кг дейін)
Қазақстан Айдар Өмірзақов Қытай Лю Цян Қырғызстан Абдилай Анарбайұлы
Тәжікстан Мадади Нагзибеков
1-жартылай орта
(64 кг дейін)
Моңғолия Уранчимэгийн Монх-Эрдэнэ Корея Республикасы Пак Сан Хёк Үндістан Балвиндер Бенивал
Өзбекстан Қабылжан Бабажанов
Жартылай орта
(69 кг дейін)
Қытай Мехмет Тұрсын Шон Қазақстан Рустам Сыбаев Өзбекстан Нәдірбек Қасымов
Моңғолия Тувшинбат Бямбын
2-орта
(75 кг дейін)
Өзбекстан Шухрат Абдуллаев Моңғолия Тумурхуягийн Чулуунтумур Түрікменстан Нұрсахат Паззыев
Қытай Республикасы Ян Юйдин
Жартылай ауыр
(81 кг дейін)
Корея Республикасы Ким Хён Гю Қытай Мэн Фаньлун Иордания Ахмат әл-Теймат
Қазақстан Арман Рысбек
1-ауыр
(91 кг дейін)
Сирия Мохаммад Госсун Қытай Ван Сюаньсюань Иран Мохаммад Нурипур
Үндістан Парамджит Самота
Ауыр
(91 кг аса)
Қазақстан Досжан Оспанов Иран Абдолмаджид Сепахванди Қытай Чжан Чжилэй
Ирак Мұстафа Махди

Жалпы есеп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
 Орын   Ел  Алтын Күміс Қола Барлығы
1  Қытай 2 3 1 6
2  Қазақстан 2 2 1 5
3  Корея Республикасы 2 1 1 4
4  Моңғолия 1 2 1 4
5  Өзбекстан 1 0 3 4
6  Тәжікстан 1 0 1 2
7  Сирия 1 0 0 1
8  Үндістан 0 1 2 3
9  Иран 0 1 1 2
10  Қытай Республикасы 0 0 2 2
 Иордания 0 0 2 2
 Қырғызстан 0 0 2 2
13  Ирак 0 0 1 1
 Филиппин 0 0 1 1
 Түрікменстан 0 0 1 1
Барлығы 10 10 20 40

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]