«Теңіз жарқылы» | |
Brilliance of the Seas | |
| |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Түрі |
круизді кеме |
Мемлекет | |
Тіркелген айлақ |
Нассау[1] |
Класс |
Radiance |
ИМО нөмірі |
9195200 |
Қысқаша атауы |
C6SJ5 |
Операторы | |
Иемденуші |
Royal Caribbean Cruises Ltd. |
Соғушы | |
Суға түсірілді |
31 мамыр 2002[2] |
Қолданысқа берілді |
2002 |
Қазіргі уақытта |
қолданыста |
Сипаттамасы | |
Су ығыстырымы |
90 090 т. [3] |
Ұзындығы |
293,20 м |
Ені |
32,20 м |
Орташа шөгуі |
8,10 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қозғалтқыштар |
20 MW COGAS-elektrisch 2× ABB "Azipod" |
Винттердің саны |
2x |
Қуаттылығы |
78.600 а.к. |
Жылдамдығы |
24,0 түйін |
Экипаж саны |
858 |
Жолаушылар сыйымдылығы |
2500 |
MS Brilliance of the Seas (Теңіз жарқылы) — Американдық Royal Caribbean Cruises Ltd. компанияның меншігіндегі, 2002 ж. Германияның Папенбург қаласындағы Meyer Werft GmbH верфінде соғылған, «Radiance» класындағы екінші круизді кеме. Өзінен басқа Radiance of the Seas, Serenade of the Seas және Jewel of the Seas атты егіз сыңар кемелері бар.
28 сәуірде 1998 ж. Royal Caribbean Cruises Ltd. компаниясы немістің Meyer Werft кеме соғу компаниясымен келісім шартқа отырады.
2002 ж. 31 мамырда кеменің құрылысы бітіп, жүру сынағы өткізілгеннен кейін шілде айында компанияға тапсырылады. Шоқындыру салтанаты 2002 ж. 13 шілдеде Харвичте өткізіледі. Өкіл анасы болып Мэрилин Офер атанады.
19 шілдеде 2002 ж. Brilliance of the Seas-тің алғашық сапары басталады.[4]
2010 ж. 1 желтосанда Brilliance of the Seas Родастан (Грекия) шығып Александрияға (Мысыр) бағыт алады. Бірақ та Жерорта теңізінде қатты дауыл соққан кесірінен лайнер жылдамдығын 9 түйінге дейін азайтады. Биіктігі 15-18 метр құраған толқындар кемені оң жақ бортқа қарай ауып кету қауіпін төндіреді. Каютада жатқан жолаушылар төсектерінен құлап, оларға жиһаздар мен басқа да майда заттар құлаған. Гранд пианино терезеден ұшып түскен, Centrum Lobby-дегі орналасқан кеменің Рождество шыршасы қисайып кеткен. Терезелер мен әйнектер шағылып, спа салондағы бассейн зақымданады. Осының салдарынан 105 жолаушы жараланып, алғашқы медициналық көмекке жүгінеді.[5]
2005 ж. «Brilliance of the Seas» кемесімен үйлену тойы саяхатында болған George Allen Smith деген азамат жоғалып кетеді. Кейіннен каюта балконынан қанның іздері табылады. Іздеу нәтижесінен кейін, George Allen Smith борттан құлап кетті деген жорамал жасады. Кейіннен туысқандары бір миллион американ доллары құрайтын компенсация соммасын алады.[6]
|