Өндіруші: | {{{өндіруші}}} |
Шанақ тип(тері) : | кабриолет, хардтоп «Sport Coupe», 2 және 4-есікті седан және универсал. |
Дөңгелек формуласы: | 4×2 |
Chevrolet 210 («Two-Ten») — бұл американдық жеңіл автомобиль, Chevrolet 1953 жыл мен 1957 жылдар аралығында шығарылған. Ол Styleline DeLuxe моделін 1957 жылы Biscayne-та 210 моделіне ауыстырды. 210- моделі 1953-1957 жылдары өте әйгілі болды, бағалар диапозоны ортасында толықөлшемді Chevrolet, соңынан Bel Air қарағанда өте арзан, ал 150-серияға қарағанда стилі мен безендіріліп, өңделуінің сай келуімен бағалы болды.
210-модель кең шанақты, кабриолет, хардтоп «Sport Coupe», 2 және 4-есікті седан және универсал.
Уақыт өте келе 150 мен 210 модельді ығыстыра отырып, Bel Air американдық қоғамда кеңінен таралды. Chevrolet 1955 жылдың орта шенінде 210 серисын «Sport Coupe»-ке түрлендіреді, ол сән-салтанатты Bel Air-ға қарағанда $100-ға арзан.
150-сериясына қарағанда 210 сериясының артықшылығы - барлық уақытта «Powerglide» автоматты трансмиссия, орындықты электрлі әйнктікөтергіштер арқылы реттегішпен жабдықталған.
Жоғары дәрежеде жабдықталған әмбебап 210 Beauville 1953 жылы қолданысқа берілді, одан соң 1954 жылы серии Bel Air және қайтадан 1955 жылы 210 қолданысқа енді.
Алғашқы екі жылы шығарылған модельдердің бір-бірінен айырмашылығы тек өңделген элементтерінде болды. Приборлар панелінде 1953 жылы бұрылыстар көрсеткіші ақ түсті болса, 1954 жылғыда жасыл түсті болды.
1953-1954 жылғы модельдерде (OHV) жоғары орналасқан клапанды екі қозғалтқыш қолданылды, Олардың ішінде ең қуаттысы автоматты трансмиссиялы Powerglide бар Blue Flame болды Барлық машиналарда стандартты комплектациямен 3-сатылы автоматты беріліс қорабы болды. 1954 жылы 6-вольтты электрлі жүйелі Chevrolet автомобилінің соңғы жылы болды.