Cоңғы кесу (фильм, 2022)

Соңғы кесу
Coupez! (Final Cut)
Жанры

Зомби комедия

Режиссёрі

Мишель Хазанавичус

Продюсері
  • Noëmie Devide
  • Brahim Chioua
  • Michel Hazanavicius
  • Vincent Maraval
  • Alaine de la Mata
  • John Penotti
Басты рөлдерде

Ромен Дурис, Беренис Бежо, тб.

Композиторы

Александр Депла

Кинокомпания
  • Getaway Films
  • La Classe Américaine
  • SK Global Entertainment
  • Bluelight
Ұзақтығы

111 минут[1]

Бюджеті

4 млн [2]

Мемлекет

Франция

Тілі

француз тілі

Шыққан жылы

2022

Алдыңғы фильм

«Камераны тоқтатпа»

Соңғы кесу (фр. Coupez!, ағылш. Final cut) — 2022 жылы Мишель Хазанавичус түсірген зомби комедия фильмі. Бұл фильм 2017 жылғы жапондық «Камераны тоқтатпа» (жап. カメラをとめるな!) фильмінің француздық ремейкісі.[3] Бұл фильмде Ромен Дурис (Romain Duris) пен Беренис Бежо (Bérénice Bejo) басты рөлдерді сомдайды. Фильм мәлім бір экипаждың түпнұсқа фильмге ремейкинг жасауы төңірегінде өрбиді. Йошико Такехара продюсер рөлін қайталайды.

Фильм Францияда 2022 жылы 17 мамырда шығарылды, дәл сол күні Канн кинофестивалінде ашылу фильмі ретінде көрсетілді.[4]

Продюсер Винсент Мараваль ремейк құқына ие болып, Мишель Хазанавичусті тапқан соң, 2020 жылы COVID-19-дың алғашқы пандемиясы кезінде жобаны қолға алады.[2][5] Түсірілім 2021 жылы 19 сәуірде Парижде басталды.[6][7][8]

Шығарылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аталған фильмнің премьерасы 2022 жылдың қаңтарында Sundance кинофестивалінде өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ COVID-19 оқиғаларының өршуіне орай жеке көрсетілімдер шектелген соң, ол аталған фестивальден алынып тасталды.[9] Фильм премьерасы 2022 жылы Канн кинофестивалінде болатыны белгілі болды. Бастапқыда 2022 жылдың 15 маусымында жоспарланса да, Франциядағы жалпыұлттық шығарылым 2022 жылдың 17 мамырда, фестиваль премьерасы болатын күнге ауыстырылды.[4] 2022 жылы сәуірде Украина институты фестиваль мен Хазанавичусті фильмнің француздық атауын "Z" (Зомби сөзінің қысқарған Z таңбасы) деп өзгертуге шақырды, өйткені "Z" таңбасы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын милитаристік символға айналғаны белгілі. Хазанавичус тақырыпты олай өзгертуге тым кеш екенін айтты, әрі фестиваль кезінде фильмге "Final Cut" халықаралық атауы бойынша сілтеме жасалатынын мәлімдеді.[10] Алайда, 2022 жылдың 25 сәуірінде француз титулы "фр. Coupez!" (мағынасы "Кесу") болып өзгертілгені мәлім болды.[11]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Coupez. Pan Distribution.
  2. a b Kohn, Eric. Why Michel Hazanavicius Expects Audience to Boo His Cannes Opening Night Film ‘Final Cut’, IndieWire (17 May 2022).
  3. Template error: argument title is required.
  4. a b Algan, Aysegül. La Pan-Européenne repart en distribution, Boxoffice (13 April 2022).
  5. a b Press kit. Wild Bunch.
  6. Baronnet, Brigitte. Michel Hazanavicius : un film de zombies en préparation pour le réalisateur d'OSS 117, AlloCiné (23 March 2021).
  7. Goodfellow, Melanie. Michel Hazanavicius' 'Final Cut' begins shoot in Paris, Bérénice Bejo joins cast (exclusive), Screen Daily (30 April 2021).
  8. Lemercier, Fabien. Michel Hazanavicius is shooting comedy horror Final Cut, Cineuropa (3 May 2021).
  9. Kay, Jeremy. Michel Hazanavicius zombie comedy 'Final Cut' pulled from Sundance, Screen Daily (10 January 2022).
  10. Balaga, Marta. Ukrainian Institute Slams French Title of Cannes Opener ‘Z (Comme Z)’ Saying It Invokes Russian Pro-War Symbol (EXCLUSIVE), Variety (22 April 2022).
  11. Baudouard, Sophie. Z (comme Z) change de titre et devient "Coupez !", Première (25 April 2022).