GAM-87A "Skybolt" -1959 жылдың мамыр айында АҚШ ВВС Дуглас Эйркрафт компаниясымен келісімшартқа отырып, жаңа авияциялық баллистикалық зымыран GAM-87A "Скайболт" жасауға келісті. "Скайболт" зымыраны 2 сатылы болатын. Екі сатысы да қатты отынмен іске қосылатын қозғалтқышпен жабдықталған. Ұрысқа қатысатын бөлігі - W59 ядролық реактор, 2 Мт қуатқа ие.
Алғашқы сынақ кезінде ұшақтан тасталған соң зымыран 120 метр еркін ұшты. Сәлден кейін артқы конусы бөлініп, тұмсық бөлігіндегі қозғалтқыш іске қосылды. Зымыран былай ұшып, өзін тасыған ұшақты қуып жетеді. Шамамен 100 секундтан кейін бірінші сатыдағы қозғалтқыштың жанармайы жанып кетеді де, ол зымыраннан бөлініп қалады. Содан кейін белгіленген бағдарлама бойынша аумақта ұшуды басқаруды қамтамасыз ететін екінші сатының қозғалтқышы іске қосылады. Бірінші сатымен жұмыс кезінде зымыран аэродинамикалық рөлмен басқарылады. Ал екінші саты іске қосылған кезде қозғалтқыш ысқырған үн шығарады.
"Скайболт" зымырандарын тәжірбиеден өткізу 1961 жылы басталды. 1965 жылы бұл зымырандар стратегиялық бомбалаушылар "В-52" ,"В-58" және "В-70" қатарына енеді деп күтілді.[1]