Golden Boy Promotions (Голден Бой Промоушенс) — американдық промоутерлік компания, кәсіпқой бокстағы айқастарды ұйымдастырумен айналысады. Негізін 2001 жылы Лос-Анджелесте алты салмақта әлем чемпионы атанған Оскар Де Ла Хойя қалаған. Golden Boy Promotions тек АҚШ-та ғана емес, бүкіл әлемде абыройлы әрі танымал промоутерлік компания. Оның айқастары АҚШ-тың атақты арналарында, мысалға HBO, Showtime, NBC, ESPN-де көрсетіледі. Онымен қоса Golden Boy Promotions Хьюстон Динамо футбол командысының 25 % акциясын иемденеді.