LG G Flex 2

G Flex 2 смартфоны - LG компаниясы жасап шығарған смарфон. Артықшылығы оның ерекше пішінінде. Сондай-ақ, майысу мүмкіндігі бар. Бұл G Flex сериялы смартфондардың екінші ұрпағы болып келеді. Ендеше бірінші өнімнің кемшіліктері мен дамытуды қажет еткен функциялары ескеріліп, жаңа флагманды өнім құрастырылған.

Техникалық мінездемесіне келер болсақ, G Flex 2 аппараты LG G3 девайсынан кем түспейді. Смартфон 5,5-дюймді P-OLED технологиясы негізінде жасалған дисплейге ие. Жедел жадысы 2 ГБ, ал қосалқы жадысы 32 ГБ-ты құрайды.

Смартфонның сенсорлы экранында өзін-өзі тіктеу құрылымы дамытылған. Бұрын дисплейдегі кішігірім сызықтардың кетуіне бірнеше минут қажет болған болса, қазір небәрі 10 секундта қайта қалпына келеді алады.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]