MIT OpenCourseWare (MIT OCW) — Массачусетc Теxнологиялық институтының барлық курстарды қолжетімді ету жобасы. Шығарылатын материалдарға курс жоспарлары, лекция конспекттері, үй жұмыстары мен емтиxандық cұрақтар жатады. Кейбір курстарда бейнематериалдар да кездеседі.[1] Бірнеше премиялармен марапатталған[2][3][4] MIT жобасы басқа университтерге үлгі болды.
MIT-дің білім беру теxнолониялар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылды. 1999 жылы кеңес құрамындағы стратегия әзірлеу тобы мен Роберт Браун ғаламторды білім көзі ретінде қарастыра бастаған[5]. Сол кезде қашықтықтан оқыту әлі де табысты саналды. Merrill Lynch аналитиктері қашықтықтан оқытудың АҚШ нарығындағы үлесі артып, 2003 жылы $25 млрд.-қа жетеді деп болжаған. Аталмыш саладағы көптеген компаниялар даму үшін түрлі жоғарғы білім мекемелерімен (солардың қатарында MIT де бар) серіктестікке ұмтылған. Ауыспалы жағдайдағы ғаламторлық оқытудың мүмкіндіктерін бағалау үшін стратегия әзірлеу тобы McKinsey & Company атты консалтингтік агенттікке жүгінді.
Институт жұмысшылары арасында MIT мен McKinsey тарапынан өткізілген сауалнама негізінде келесі ақпараттар белгілі болды: жұмысшылардың басым бөлігі үздіксіз білім беру нарығын қолдамайды; көзделген аудитория ретінде институт түлектерін қарастыру қажет. Бұл аудитория үшін 2000 жылы стратегия әзерлеу тобымен техникалық және пәнаралық салаларда жаңа мини-курстар жасау Knowledge Updates@MIT атты жобасының жоспары аяқталған. Дегенмен, шығындардың орнын толтыру үшін ұзақ уақыт және бастапқы нәтижеге қарағанда аудитория саны да ұлғаюы қажет еді. Бұл жобаның қаржы тұрғысынан мүмкіндіктерінің әлсізденуіне әкеп соқты. Топ мүшелерінің тағы да бір күдігі “жоба институттың беделін айтарлықтай арттырмайды” деген ойда болды.
Оған қоса, сауалнама нәтижесі бойынша, курстар үшін сайттарды қызметкерлердің 20%-ға жуығы өз тарапынан жасап үлгерген. Бұл оқу материалдарының тегін түрде таралу мүмкіндігін жүзеге асырудың себебі болды (OpenCourseWare@MIT)[6]. Топпен жасалған есептемеде OpenCourseWare клиенттерді ақылы Knowledge Updates курстарына қызықтырады деген тұжырым жасалған, бірақ кейінірек екі жоба бөлінді. 2003-2005 жылдар аралығында Knowledge Updates курстары дайындалған, алайда клиент саны қажетті мөлшерге жетпеді.
Жобаның пайда болу себептерін түсіндіру барысында оның бастаушылары OCW институттың оқу бағдарламасын көрсетеді, басқа білім беру мекемелеріне әсер етеді және MIT оқытуды ақшадан артық көретініне дәлелі деп айтқан. Бұл пікірмен көптеген ұстаздар келіскендігін оқытушылардың 78%-ның өз еркімен жобада қатысуы көрсетеді[7]. Жобаның коммерциялық емес ету бірнеше қайырымдылық гранттарға ие болуына жол ашты.
Жоба 2001 жылы жарияланып, жоспар бойынша 10 жылға созылу керек еді[6]. 2002 жылы сайттың сынамалық нұсқасы, ал 2003 жылы ресми түрде жарық көрді. 2004 жылдан бастап материалдар Creative Commons Attribution-NonCommercial-ShareAlike лицензиясы бойынша таратылады. Бұл лицензияны MIT OCW мен Creative Commons[8] негіздерін қалаушысы Харольд Абельсон ұсынған. Екі жоба шамамен бір уақытта пайда болған және мақсаттары да бір болды. MIT OCW Сreative Commons лицензиясымен жарияланған алғаш үлкен жоба.
2007 жылы шығарылған курстар саны 1800 жетуімен инститтутің барлық курстарын жариялау шешімі қабылданды. Осымен қарқынды даму сатысы аяқталып, оның орнына тұрақтылық келді: курстар санын өсірудің орнына жарияланған курстарды жаңартуға көбірек назар бөлінді[9].
2007 мен 2011 жылдары қосымша екі бөлім пайда болды: Highlights for High School-да орта мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқу материалдары[10], ал OCW Scholar-да өздігінен білім алу үшін мәлімет жарияланған[11].
Жоба даму барысында оның институт беделін өсіруден басқа да пайдасы бар екені белгілі болды. MIT-ға түскен студенттердің 35%-ы олардың таңдауына OpenCourseWare әсер етті дейді. Сонымен қатар, OCW білім беру сапасын нығайтады, себебі миллиондаған адамдарға қолжетімді материал жақсырақ дайындалады[12].
OCW пайда болу кезінде басқа университет профессорлары баршаға қолжетімді курстар бар сайттарды әлдеқашан жасаған. OCW-дың айырмашылығы - бүкіл институттың оқу материалын жариялап, олардың коммерциялық емес мақсатта қолдануға рұқсаты мен курстарды жаңарту арқылы жобаны қолдау[13]. Әрбір курс үшін жүйелі түрде веб-парақшалар жасалып, іздестіруге ыңғайлы құрылымға біріктіріледі. Мұғалімдер тарапынан материалдарды жариялау жеңілірек болу үшін орталықтандырылған қолдау көрсету ұйымдары құрылды.
Әкімшілік пен MIT қызметкерлерінің айтуы бойынша OCW қашықтықтан оқу бағдарламасы емес, белгілі бір уақыт аралығында пән қалайша оқытылғанын бейнелейді[14].
Жарияланған материалдардың басым бөлігі дайын курс емес, басқа мекемелер мұғалімдері қолдана алатын курстың бөлек құраушылары болып табылады[6]. Сондай құраушыларға:
Түрлі курстар материалдары ұстазға байланысты түрлі көлем мен форматта беріледі. Мысалы, үй жұмысы мен емтихан жауаптары және таспырмалары электронды түрде болмау себебінен жарияланбауы мүмкін, өйткені оларды институттың өзінде көшіру үшін қолдануы болжамды[15]. Оған қоса, үй жұмысы кітаптар мен оқулықтар бойынша берілген кезде кітап/оқулықты бөлек сатып алу қажет[16]. Бейнероликтерді жариялау жобаның негізгі мақсаты болмағандықтан[17] 2011 жылы тек 34 курста бейнеролик болған[7]. Оған қарамастан, ең әйгілі лекциялар - бейнежазбалар[18], мысалы, Гилберт Стренгтің сызықтық алгебра курсы немесе Уолтер Льюиннің физика курсы. 100-ге жуық курста симуляция мен анимация сияқты мультимедиялық материал кездеседі. Қалған материалдар - мәтін түрінде.
Ашық білім беру ресурстарын жариялау бағдарламасы ең қымбат саналады[12]. Ең алдымен шығын $85-100 млн. деп бағаланса, кейін саны төмендеді[5]. Жобаның қарқынды даму кезеңі Hewlett Foundation мен Mellon Foundation фондтары қолдауымен өтті. 2007 жылы 1800 курс жарияланған кезде жоба құны $30 млн.-ға жетті[19]. Одан кейін жобаның жылдық бюджеті $3.5-3.7 млн. құрады: жартысын институт төлесе, қалғаны - гранттар резерві[20].
Бір курстың MIT OCW-ға жүктелуі $10 000-15 000 тұрады. Жариялау бойынша топ ұстаздар материалды сайтқа орналастыру үшін 5 сағаттан кем уақыт жұмсатуға тырысады. Топ міндетіне қолмен жазылған ақпаратты цифрлі күйге көшіру, қосымша материалдардың қосылуын тексеру, сол материалдарды қолдануға рұқсат алу және рұқсат етілмегендерді өздері жасау[12] кіреді.
Институт саясаты бойынша авторлық құқық профессорлардың өзінде қалады. Институтта оқытылатын курстар үшінші тараптан да болуы мүмкін. Ол жағдайда сол ақпаратты баршаға қолжетімді етуге болмайды және публикация кезіндегі кешігудің себебі болып табылады.
2011 жылы сайттың қолданушылар саны 53 млн.-ға жетеді.[7] Солардың 40-50% өз бетімен оқиды. Бұл MIT OCW қатысушыларын таң қалдырды, себебі басында сайт ұстаздар үшін ресурс көзі болып жоспарланған[21].
Жоба бүкіл әлемді қызықтырды. Қытай, испан, португал және парсы тілдеріне 50-ден астам курс аударылған. АҚШ-тан басқа ең көп қолданушылар саны Қытай мен Индиядан. Ғаламтордың қолжетімділігі төмен Африка мен Азия елдерінде OCW-дың 200-ден астам аналогы бар[22].
OpenCourseWare көздеген мақсатының бірі MIT OCW-дің басқа университеттерден ізбасарларларының пайда болуы. MIT-дан бөлек OCW-дағы Вьетнамда экономика курсын Фулбрайт бағдарламасы бойынша 2003 жылы оқыту бұл бағдардағы ең алғаш тәжірибе. 2004 жылы OCW-да Жапония, АҚШ, Қытай мен Франция университтері жариялай бастады.
2005 жылы MIT басқа университеттермен бірге OpenCourseWare Consortium-ді шығарды. Оның мақсаты әлем бойынша ашық білім беруді тарату. Консорциумға енетін ең ауқымды университеттердің бірі болып Берклидегі Калифорния университеті, Токио университеті, Мичиган университеті, Ирвайндағы Калифорния университеті, Осака университеті, Аризона штаты университеті, Юта Университеті, Ноттингем университеті, Мичиган штатының университеті жатады[23].
OpenCourseWare-дің негізгі спонсоры - Hewlett Foundation: 2000 жылдары $110 млн.-ға жуық бөлген[24]. OpenCourseWare сияқты ашық білім беру ресурстарының басты мәселесі - ұзақ мерзімге спонсор табу, себебі бұл жобалар табысы аз немесе мүлдем жоқ. Мысалы MIT OCW тек Amazon-да оқулықтарды сатып алуға сілтеме жасау арқылы пайда табады. Қаржыландыру тапшылығынан OCW жобасы Юта штатының университетінде тоқтатылды[25].