Magsat

Explorer 61

Ұйымы  АҚШ, НАСА / USGS
Тапсырысы Зерттеу серігі
Ұшыру күн-айы 30.10.1979 ж., 14:16 UTC, Ванденберг базасы
Сөре көлігі Scout G-1 зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 7,5 ай
Массасы 158 кг

Magsat (Magnetic field Satellite) немесе Explorer 61Жердің магнит өрісін картаға түсіруге арналған америкалық жасандысерік. Ғарышқа 1979 жылдың 30 қазанында ұшырылды.

Жасандысерік полюсқа жақын геоцентрлік орбитаға шығарылды, орбитаның перигейі 351,9 шақырым, апогейі 578,4 шақырым болды. Айналу периоды 94 минутқа дейін барды.

Magsat жасаған магнитосфералық карта

Жасандысеріктің екі магнитометрі болды: скалярлық және векторлық. Аппараттың өз электромагниттік тербелістері магнитометрлерге әсер етпес үшін, олар ғарышта арнайы құрылғымен аппараттан алшақтатылып шығарылды. Сонда магнитометрлердің негізгі модульден қашықтығы 6 метрге дейін жетті.[1]

Magsat өз миссиясын 1980 жылдың 11 маусымында бітіріп, атмосфераға кірді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]