M.2 Hawk Major | |
Miles M.2H Hawk Major Уайт Уолтхем аэродромында, Майденхед Беркшир маңы, 1953 жылдың маусымы | |
Түрі |
Екі орынды жеңіл спорттық моноплан |
---|---|
Өндірушісі | |
Мемлекеті | |
Бас конструкторы |
Фредерик Джордж Майлс |
Алғашқы ұшуы |
1934 жылы |
Негізгі эксплуатанттары |
Ұлыбритания Патшалық әуе күштері |
Өндірілген бірліктері |
64[1] |
Базалық моделі | |
M.2 Hawk Major Ортаққорда |
Miles M.2 Hawk Major — 1930-жылдары британдық Miles Aircraft Limited компаниясы жасап шығарған екі орынды жеңіл моноплан ұшақ, Miles M.2 Hawk ұшағының дамытылған нұсқасы.
Hawk Major ұшағын Фредерик Джордж Майлс Miles M.2 Hawk ұшағының дамытылған нұсқасы ретінде жасап шығарды. Ұшаққа de Havilland Gipsy III қозғалтқыштары орнатылды, қозғалтқыш жапқышы металдан жасалды (бұрын ағаштан жасалған), ал шасси сырты қаптатылды. Прототип (M.2F Hawk Major) алғаш рет 1934 жылы әуеге көтеріліді. Сол жылы ұшақ Корольдік Кубок жарысында 147миль/сағ жылдамдығын көрсетіп, екінші орынды иеленді. Ұшақтың спорттық нұсқасы — бір орынды M.2E Gipsy Six Hawk 200 ат күші бар de Havilland Gipsy Six қозғалтқышымен жабықталды. Ал ұшақты өндірістік нұсқасына de Havilland Gipsy Major (130 ат күші) қозғалтқышы орнатылды. Ұшақтар жеке сатып алушылар арасында жақсы сатылды. Осындай ұшақтардың екеуі аспанда жазу жазуға арналған түтін шығарғыш генераторлармен жабдықталды. Ұшақтың жақсартылған нұсқасы (M.2H) өндіріс линиясында M.2F ұшақтарын алмастырды. Осы нұсқаның кейбірі арнайы бірмезгілдік спорттық ұшақ ретінде жасалды.[2] 1934 жылы қазанда эскадрилия командирі Малком Чарльз МакГрегор өзінің Hawk Major ұшағында MacRobertson әуе жарысы барысынды Миденхалл әуе базасынан (Ұлыбритания) Мельбурнға (Аустралия) 7 күн 15 сағатқа созылған әуе сапарын жасады.[3] 1936 жылы Miles Hawk VI, G-ADOD Портсмутттан Йоханнесбургке дейінгі Шелзингер жарысына қатысқан болатын. Артур Эдмонд Кластон басқарған бұл ұшақ қозғалтқыш ақауына байланысты Салисборидан оңтүстікке қарай 150 миль қашықтықта апатты жағдайда қонып, мәреге жетпеді.[4]
1935 жылы ұшақтың жаттықтырушы Miles Hawk Trainer нұсқасы жасалды.
M.2E Gipsy Six Hawk (кейінрек Hawk Speed Six) — 200 ат күші бар de Havilland Gipsy Six қозғалтқышы орнатылған бір орынды спорттық ұшақ, бір дана шығарылған.
M.2F Hawk Major — de Havilland Gipsy Major қозғалтқышымен жабдықталған, жалпы сатылымға шығарылған нұсқасы.
M.2G Hawk Major — үш орынды кабиналық нұсқа, бір дана шығарылған.
M.2H Hawk Major — de Havilland Gipsy Major қозғалтқышымен жабдықталған, жалпы сатылымға шығарылған нұсқасы.
M.2K Hawk Major — 105 ат күші бар Cirrus Hermes II қозғалтқышы орнатылған нұсқасы, бір дана шығарылған.
M.2L Hawk Speed Six — 200 ат күші бар de Havilland Gipsy Six 1F қозғалтқышы орнатылған ұшақ нұсқасы, бір дана шығарылған.
M.2M Hawk Major — de Havilland Gipsy Major қозғалтқышы орнатылған үш орынды нұсқасы, екі дана шығарылған.
M.2P Hawk Major — de Havilland Gipsy Major қозғалтқышы орнатылған, екеулік басқару жүйесі бар нұсқасы, үш дана өндірілген.
M.2R Hawk Major de Luxe — de Havilland Gipsy Major қозғалтқышы орнатылған спорттық нұсқасы, екі дана шығарылған.
M.2S — 150 ат күші бар Blackburn Cirrus Major қозғалтқышы орнатылған ұзақ қашықтықтық нұсқасы.
M.2T — 150 ат күші бар Blackburn Cirrus Major қозғалтқышы орнатылған бір орынды ұзақ қашықтықтық нұсқасы, екі дана шығарылған.
M.2U Hawk Speed Six — de Havilland Gipsy Major Six R қозғалтқышы орнатылған спорттық нұсқасы, бір дана шығарылған.
Ұшақтың техникалық сипаттамасы:
Сипаттамалар | M.2F |
---|---|
Экипаж | 2 ұшқыш |
Ұзындығы | 7,32 м |
Қанат жаймасы | 10,06 м |
Қанат ауданы | 15,7 м² |
Биіктігі | 2,03 м |
Бос ұшақ салмағы | 522 кг |
Жүктелеген ұшақ салмағы | 840 кг |
Ұшу қашықтығы | 901 км |
Максимал көтерілу биіктігі | 6100 м |
Крейсерлік жылдамдығы | 161 км/сағ |
Максималді жылдамдық | 241 км/сағ |
Биіктік жинау жылдамдығы | 5,1 м/с |
Қозғалтқыш | de Havilland Gipsy Major |
Қозғалтқыштың қуаты | 200 ат күші (149 кВ) |
Бұл — Ұшу аппараты бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |