Miles Monitor

M.33 Monitor
Түрі

Буксирлеуші ұшақ

Өндірушісі

Miles Aircraft

Мемлекеті

 Ұлыбритания

Алғашқы ұшуы

1944 жылы 5 сәуір

Негізгі эксплуатанттары

Ұлыбритания теңіз авиациясы

Өндіріс жылдары

1944 — 1946 [1]

Өндірілген бірліктері

20[2]

M.33 Monitor Ортаққорда


Miles M.33 MonitorЕкінші дүниежүзілік соғыстың аяқталар кезінде британдық Miles Aircraft компаниясы жасап шығарған жоғары жылдамдықты нысаналар буксирлеуші ұшақ. Ұшақтың прототипі әуеге алғаш 1944 жылы 5 сәуірде көтерілді. Барлығы 20 ұшақ шығарылды. Олар Ұлыбританияның Теңіз авиациясында шектелген уақыт қолданыста болды.

Нысаналарды буксирлеуге арналған жылдам M.33 Monitor ұшағы Q.9/42 спецификациясы бойынша жасалған болатын. Ұшақ аэродинамикалық таза, екі моторлы, жоғарғыплан, консольді қанаттармен және жинақталатын шассимен жабдықталған болатын. Miles компаниясы осы спецификация аясында екі жоба ұсынған болатын. Қажетті моторлардың болмауына байланысты алғашқы жоба басшылық тарапынан қолдауға ие болмады. Ал 1700 ат күші бар Wright Cyclone R-2600-31 қозғалтқышы орнатылған нұсқасы сәтті шықты. Miles компаниясы алғашқыда 600 ұшаққа тапсырыс алды. 1944 жылы 5 сәуірде алғашқы прототип әуеге көтерілді. Жақсы ұшу сипаттамаларына ие болғанымен, соғыстың аяқталуына байланысты ұшақ бойынша жұмыстар тоқтап қалды. Кейінрек тапсырыс саны 200, артынша 50 ұшаққа дейін азайтылды, бірақ соңында 20 ұшақ ғана жасалды. Бірақ Британ Әскери әуе күштері ұшақтарды тікелей мақсатта қолданбады. 10 ұшақ артынша Теңіз авиациясы бөлімшесіне жіберілді. Мұнда ұшақтар шамалы уақыт Monitor TT.Mk II деген атаумен қолданылды, сосын ұшақтар De Havilland Mosquito TT.Mk 39 ұшақтарымен алмастырылды.

Monitor TT Mk I
Корольдік Әуе күштеріне арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір дана шығарылған.
Monitor TT Mk II
Ұлыбритания Теңіз Авиациясына арналып жасалған буксирлеуші ұшақ, бір прототип және 20 сериялы ұшақ жасалған.


Техникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

TT.Mk II нұсқасының техникалық сипаттамасы:[1][2]

Сипаттамалар TT.Mk II
Экипаж 2 ұшқыш
Ұзындығы 14,2 м
Қанат жаймасы 16,9 м
Қанат ауданы 46,5 м²
Биіктігі 5,6 м
Бос ұшақ салмағы 7145 кг
Пайдалы жүктеме 300 кг
Максималді ұшу салмағы 9560 кг
Максимал көтерілу биіктігі 8840 м
Ұшақты аудару жылдамдығы 144 км/сағ
Максималді жылдамдық 576 км/сағ
Биіктік жинау жылдамдығы 2,5 м/с
Қозғалтқыштар (2×) Wright R-2600-31
Қозғалтқыштың қуаты Әрқайсысы 1750 ат күші

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Miles M.33 Monitor. Fleet Air Arm Archive (2000 жыл).
  2. a b "Miles M.33 Monitor". Мировая Авиация ISSN 2071-1131: 1. Қазан 2012.