Pinus kesiya

Khasi Pine

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Pinophyta
Табы: Pinopsida
Сабы: Pinales
Тұқымдасы: Pinaceae
Тегі: Pinus
Кіші тегі: Pinus
Түрі: P. kesiya
Екі-есімді атауы
Pinus kesiya
Royle ex Gordon

Pinus kesiya қарағайы азиялық қарағайдың ең жылдам өсетін түрі болады, ол отанның шетінде сирек өсіріледі. Оның биіктігі 30–35 метрге дейін жетеді, ал дің диаметры 1 метрге дейін болады. Ол үш-инелі қарағай (бір уыстан ұзындығы 15–20 см 3 қылқанды жапырақтар шығады). Ісіктердің үлкендігі 5–9 см, ал ұрықтардың ұзындығы 1,5–2,5 см.

Оның таралған ареалы солтүстік-шығыс Үндістандың Шығыс Гималайынан (қазырғы кезде орман азайғаны үшін тек ғана Мегхалая және Манипур штаттардың Хаси және Нага таулы массивтарында), Қытай (Юньнань провинциясы), Бирма (Мьянма), солтүстің Таиланд, Лаос және Вьетнамнан (Лайтяу, Лангшон, Каобанг, Куангнинь) Филиппинге дейін (Лусон) жетеді. Кейде Филиппиндең шыққан қарағайды Pinus insularis деп белгіленеді. Қытайда осы секілді – юньань қарағайы (Pinus yunnanensis) өседі.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]