Нортроп SM-62 «Снарк» - АҚШ-тың стратегиялық, құрлықаралық, қанатты ұшағы. Бұл – бірінші рет әскери қару қатарына қабылданған құрлық аралық қанатты зымыраны. 1958 – 1961 жылдары Америка Құрама Штаттарының әскери-әуе күштерінің қаруы қатарында болды. Бұдан кейін «моральдық тұрғыда ескірді» деген желеумен қолданыстан алынды. Алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымыран құру бағдарламасы 1946 жылы басталды. Осы мақсатта Льюис Кэрролдың кейіпкерлері құрметіне аталған екі жоба тұрды: бірі MX775A «Снарк» ұшақ-снаряды мен дыбыстан шапшаң MX775Ф «Буджум» ұшақ-снаряды болатын. АҚШ әскери-әуе күштері бұл жобаға күмәнмен қарады. Себебі басшылық ұшқышсыз бомбалаушыларға сенім танытпады. Соның нәтижесінде бағдарлама жабылуға таяп қалған болатын.
1100 қызықты деректер.