WebMoney немесе WebMoney Transfer (айтылуы "Вебма́ни") - электрондық төлем жүйесі. 2012 жылдың соңғы деректеріне қарағанда, 20 000 000 аккаунтқа қызмет көрсетеді. Жүйеде адамдардың жеке электрондық ақшалары айналуда. Ресми сайтында "дүние жүзілік төлем жүйесі" болып аталған. Бұл жүйенің негізгі администраторы және иесі -Лондонда тіркелген WM Transfer Ltd. компаниясы. Техника сервистары және негізгі базасы Ресейде орналасқан. Электрондық валютаның бірнеше түрі бар. Олардың ең көп таралғандары:
WMR — Орыс рублі
WME — Еуро
WMZ — Америка доллары
WMB — Беларусь ақшасы
WMG — 1 грамм алтын, т.б.
Әрбір валюталық ақша опреацияларына әр-түрлі компаниялар жауап береді. Мысалға:
WMR-операцияларына ЖШҚ «ВМР», Ресей.
WME-операцияларына Netec Financial ltd.компаниясы, Швейцария.
WMZ-операцияларына Amstar Holdings Limited компаниясы, Ирландия.
WMB-операцияларына жауапты - ОАО «Технобанк», Беларусь.
WMG-операцияларына жауапты - WM Metals FZE, Біріккен Араб Әмірліктері
Бұл жүйе 1998 жылдан бері келе жатыр.