Windows Installer

Windows енгізуші
Жасаушы

Microsoft

Операциялық жүйелер

Windows

Ақпараттық платформа

Microsoft Windows

Соңғы нұсқа

4.5 (2 маусым 2008 жыл [1])

Лицензия

Пайдаланушы келісімі Microsoft

Windows Installer (Windows енгізуші) - бағдарламалар енгізуді қамтамасыз ететін Microsoft Windows жүйесінің бөлігі. Windows 2000 бастап Windows компоненті болып табылады; одан да ерте Windows түрлеріне енгізіле алады. Барлық керек ақпарат(кейде барлық енгізілетін файлдармен) енгізілетін пакеттерде(installation packages) сақталады. Форматы .msi.

Windows Installer 1995-1998 жылдары жасалып, бас кезде Darwin атымен танымал болатын. Одан кейін Microsoft Installer бола бастады және сол кезде форматы .msi болды. Installer’ дің бірінші түрі 1999 жылдың басында Microsoft Office 2000 инсталдаушы ретінде шыға бастады.Сол жылдың аяғында Installer енді Windows 2000 бір бөлігіне айналды. Майкрасофт әрдайым жаңа бағдарламашыларды жаңа инсталдаушыларға көшуде қолдап отырды. Өйткені онымен Майкрасофт Windows 2000 Logo алғысы келетіндерге, Windows Installer қолдануын талап етті. Windows Installer ескі Microsoft — Setup API (ACME Setup) – ке қарағанда алдыға қарай жылжуда өте маңызды рөл атқарды. Өйткені онда GUI мүмкіншіліктері, қайта өшіру және енгізілу уақытында бас тарту мүмкіншіліктері болды.

Логикалық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Инсталдау пакеті бір ғана тауардың енгізілуін сипаттайды және өзінің GUID бар. Тауар компоненттерден(component) және мүмкіншіліктерден(features) тұрады. Компонент (component) – файл топтамалары, реестр мәндері,құралған папка және басқа элементтердің минималды бөлінбейтін, жалпы бір ғана атпен аталған(компонент атымен) енгізу бірлігі. Компоненттер соңғы пайдаланушыдан жасырылған. Әр компонент өз кілт жолынан (key path) тұрады.Мысалға пайдаланушының компьютерінде компоненттің болып болмауын анықтайтын басты файлдың аты болып табылады. Мүмкіншілік (feature) – компонеттердің немесе басқа да мүмкіншіліктердің топтамасы. Енгізі кезіндегі көрсетілетін енгізу бөліктерін таңдау диалогы сол мүмкіншіліктерді көрсетеді.Және тек сол мүмкіншілікте көрсетілген компоненттер ғана жазылады.

Физикалық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

.msi файлы негізінде құрама іс-қағаз OLE(OLE compound document – дәл осы форматтың ішінде Microsoft Word, Excel және т.б. іс-қағаздары сақталады.). Олардың ішінде бірнеше ондаған өзара байланысты әртүрлі ақпарат қамтитын кестелер жиынтығы бар реляциондық дата базасы бар. Дата базадағы ақпарат жеке бір ағында сақталады да, кестелерде тек соларға сілтемелер болады. Бұнымен дата базаның орын алу мөлшерін азайту мүмкіндігі туады. Базадан басқа .msi файлының құрылымы ішіне сценарийлер мен көмекші DLL және негізгі енгізілуі керек файлдардан( .cab форматында сақталған) тұрады. Файлдарды пакеттен бөлек те пакеттелген немесе қайта пакеттелген түрде сақтауға болады

  1. актуальді версиясына сілтеме