YUNA | |
---|---|
![]() | |
YUNA марапатының логотипі | |
Шынайы атауы | Yearly Ukrainian National Awards |
Мемлекет | ![]() |
Түрі | Мүсінше |
үшін марапатталады | Музыка индустриясындағы үздік жетістік |
Негіздеуші | Павел Шилько Мохаммад Захур |
Негізделді | 2011 |
Сайты | http://www.yuna.ua/ |
Yearly Ukrainian National Awards Ортаққорда |
YUNA (қаз. Юна; толық атауы Yearly Ukrainian National Awards) — украиналық жыл сайынғы ұлттық кәсіби музыкалық марапат. 2011 жылғы 27 қазанда Павел Шилько мен Мохаммад Захурмен негізделді. [1] Павел Шилько, сондай-ақ, марапаттың бас продюсері болып табылады. Марапаттың үміткерлері мен жеңімпаздарын кәсіби әділқазы алқасымен анықталады, ал Deloitte бухгалтерлік фирмасы дауыс сандарының ақырғы санағын реттейді.[2]
Алғашқы марапаттау рәсімі 2012 жылғы 8 ақпанда Киевтегі Украина сарайында өтті және ол елдің 1991 жылы алған тәуелсіздігінен бері өткен 20 жылдың ішіндегі ең үздік музыканттарға арналды. Кейіннен бұл рәсім «YUNA: 20 жылдың ең үздігі» деп аталды. Бұл рәсім жүргізушісіз өтті, марапаттарды әр түрлі танымал тұлғалар табыстады.[3]
Марапаттың бірінші табыстау рәсімінен бастап марапаттау рәсімдері жыл сайын өткізіледі, ал оның жүргізушілері Potap,[4] Анатолий Анатолич сияқты әр түрлі танымал тұлғалар болады.
2020 жылы «YUNA Junior 2020» атты марапаттың жастарға арналған нұсқасы өтті.[5]
2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі кесірінен марапаттау рәсімі онлайн түрде өтті. Марапаттау рәсімінің жүргізушісі, тележүргізуші Владимир Остапчук және продюсер Павел Шилько осы жылы марапат жеңімпаздары өз марапаттарын алмайтынын мәлімдеді. Оның орнына марапаттар аукционда сатылып, түскен қаражат Украина әскерилеріне аударылады.[6]
2023 жылы марапаттау рәсімінде тек бір ғана номинация болды: Іркілмес Украина Әні.[7]
Марапат тарихында номинациялар саны бірнеше мәрте өзгеріп отырды. Алғашқы марапаттау рәсімінен бері тек 3 номинация ғана өзгеріссіз қалды: Үздік альбом, Үздік ән және Үздік бейнеклип.
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Yearly Ukrainian National Awards |