Ілгерілемелі қозғалыс – кез келген екі нүктені қосатын түзу өзіне-өзі параллель болып орын ауыстыратын қатты дене қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктесі бірдей траектория сызады, сондай-ақ уақыттың кез келген мезетінде қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулері өзінің сан мәні жөнінен де, бағыты бойынша да өзара бірдей болып отырады. Сондықтан дененің І. қ-ын зерттеу нүкте кинематикасын зерттеуге келтіріледі.[1]
Ілгерілемелі қозғалыстағы дене нүктесінінің траекториясы, жылдамдығы және үдеуі туралы теорема - ілгерілемелі қозғалыстағы қатты дененің барлық нүктелері біртүрлі қисықтар (траекториялар) сызады және кез келген уақыт кезеңінде жылдамдықтары және үдеулері өзара тең болады.[2]
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |