Іле қызғалдағы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Tulipa iliensis Эдуард Людвигович Регель |
Іле қызғалдағы (лат. Tulipa iliensis) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік.
Биіктігі 10 - 30 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 2 см,қара қоңыр жұқа қабықты,ішкі жағының ұшы мен түбі жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш немесе жоғарғы жағы түкті; жапырақ саны 3 - 4,алшақ орналасқан,қайырылған,сирек бүгілген,жалаңаш немесе кейде жоғарғы жағы түкті,әдетте гүлден аспайды,төменгі жапырағы белдік тәрізді дерлік немесе сызықты таспалы,ені 0,7 - 1,5 см. Гүлі біреу; гүл серігі сары,ұзындығы 2,5 - 3,5 см,сүйір немесе сүйірлеу,сырты күлгін немесе жасыл реңді,эллипсті ромб тәрізді,ішкілері кері сопақша;аталықтары гүл серігінен 2 - 2,5 қысқа,ортасы шамалы кеңейген және екі шеті де жіңішкерген,сары,тозаңдықтары жіптерінен 1,5 есе қысқа,аналық ауызы орнықты дерлік. Сәуір айының соңы мен мамырда гүлдейді.
Эндемик.Бұталар арасында өседі.Кетпен,Теріскей Алатауында кездеседі. Жалпы таралған жері - Жоңғария (Іле өзенінің жоғарғы ағыны). Ферғана қазғалдағына.Колпаковский қызғалдағына және Төртжапырақты қызғалдаққа жақын түр.
Қазақстанның қызғалдақтары энциклопедиясынан