Ілім, илм (араб. - илм, көпше - улум) – рухани және материалдық дүниені қамтитын жалпы мағынасындағы білім. Бақилық, барлығын қамтитын, уақыт ауқымына сыймайтын Құдайлық Ілім – Алланың құдіреттілігінің бір белгісі, оның көркем сипаттарының бірі. Адамға тән Ілім екі түрлі: кәдімгі дүниелік және діни, имандылық білім. Құранда Ілім сөзі, онымен түбірлес зат есімдер мен етістіктер шамамен 750 рет кездеседІлім І-ге әуелден-ақ басым көңіл бөлудің нәтижесі мұсылман дүниетанымдық жүйесінде, діни, құқықтық, филос. және әлеум.-этик. ұғымдар жүйесінде білім тұжырымдамасына ерекше маңызды орын беруге алып келді. Білімге ұмтылу – әрбір мұсылманның борышы әрі міндеті, сонымен қатар имандылықтың белгісі деп жарияланды. Ислам тарихының барлық кезеңінде “Ілім” термині, оның мазмұны мен көлемі жайлы көптеген анықтамалар ұсынылып, талқыланды. Ілім туралы толғамдардың сүйенер негізі Құраннан, Хадистерден алынған дәйек пікірлер болды.[1]
Ілімнің мазмұны негізінен мына мәселелерді қамтыды:
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |