Ірі гүлді шолпанкебіс | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Cypripedium macranthos Sw. (1800) | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
|
Ірі гүлді шолпанкебіс (лат. Cypripedium macranthos) — сүйсіндер тұқымдасының шолпанкебіс туысына жататын Қазақстанда сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан түр. шағын топ болып анда-санда Солтүстік Қазақстан мен Алтайда кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразия мен Азияның орманды аймақтарында, Қиыр Шығысқа дейін таралған. Жапырақты, сирек қарағайлы және аралас ормандарда, шалғынды алаңқай мен ылғал шабындықтарында өсетін тамыр сабақты ірі орхидея. Тұқымы арқылы көбейеді, қайта өсуі әлсіз.
Алғашқы үш жылда жер астында тіршілік етеді. Тек төртінші жылы бір жасыл жапырағы бар жер беті өскені пайда болады. Көшеттің өскінінен алғашқы гүлденгенге дейін 15 жыл уақыт өтеді.
↑Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы