Авацератопс. Авацератопстың қаңқасы 1861 жылы АҚШ-тың Мантана штатынан табылады. Атауы «Аваның мүйіз бетті динозавры» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім оған денесінің ерекшеліктеріне байланысты берілген. Авацератопстың ұзындығы — 2,5 метр, салмағы шамамен — 181 келі. Мойында қысқа сүйек «жағасы», тұмсығында жалғыз ғана қысқа мүйізі болған. Динозавр төрт аяғымен жүрді.