Автохтон тіл (грек. autochthon, жергілікті, негізгі) - 1. Солтүстік және Оңтүстік Американың байырғы тұрғындарының тілі, мыс., вакаш семьясы тілдері - Ванкувер аралындағы квакиютль және нутка; Австралия континенті оңтүстік бөлігінің оннан тоғызы сөйлейтін пама-нюнга тілдері және Австралияның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы не-пама-нюнга емес тілдер. 2. Ауыс. Елдің байырғы, негізгі тұрғындарының тілі, мыс., қазақ тілі - Қазақстанның, моңғол тілі - Моңғолияның автохтон тілдері[1].