Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ади ибн Зайд (?-590). Ади инб Зайд (عدي بن زيد) ибн Хамад ибн Аййуб. Хираның христиан әл-Ғибад тайпасынан. Ади Хирада туылып, балалық шағы да осында өткен. Араб, парсы тілдерін меңгерген. Адидің отбасы әл-Муназара патшалығына жақын жерде өмір сүрген. Осы себепті атасы, әкесі, өзі, ұлы сарайда парсыларға қызмет атқарған. Адидің атасы Хаммад осы отбасының алғаш жазуды білген адамы. Хаммад сарай жазушысы, ал әкесі Зайд парсы патшасының сарайында қызметте болды. Әкесінің жолын қуған Ади де сарайда Һәрмаз 4-ке қызмет еткен.[1]. 579 жылы парсы патшасы Ану Шеруан Адиді Константинопольға елші етіп жібереді. Қайтар жолында Дамаскіні зиярат етеді. Әбу Қәбус Нұғман ІІІ Адидің арабтарға емес парсыларға көп қызмет етеді деп ренжілу болатын. Әл-Муназараға емес парсыларға қызмет етттің деген айыппен абақтыға жауып, шамамен 604 жылы түрмеде өтіреді. Адидің өлтірілуімен парсы мен әл-Муназара арасында шайқас басталады. Нәтижесінде әл-Муназара патшалығы құлайды.