Айрат

Айрат , (Eversmanіa) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі – сәлтікенді Айрат бар. Ол Еділ өзенінің төм. жағындағы құмды жерлерде, жусанды, сораңды, балшықты шөлдерде өседі. Биіктігі 12 – 60 см. Жапырақтары қысқа сағақты, ұзындығы 3 – 8 см, екі жағы түкті. Гүлдері қысқа, 1 – 2 мм. Тостағаншасы сопақша, ұзындығы 30 – 50 мм, ені 4 – 5 мм, күлтесі күрең қызыл түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – бұршақ, имектеу келген, тықыр. Тұқымы ірі, домалақ, ашық түсті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы