Айғыр қияқ | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
(лат. Léymus racemósus)
![]() | ||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||
|
Айғыр қияқ, еркек қияқ (лат. Léymus racemósus) - Қияқ туысына жататын өсімдік.
Айғырқияқ, еркекқияқ , құмқияқ (Elymus gіganteus) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жазық аймақтарында, құмды, құмайт далаларында, сортаң жерлерінде, шабындықтарында өседі. Биіктігі 50-100 см, сабағы тік, қырлы, тықыр, тамыры ұзын, төселмелі келеді. Жапырағы таспа тәрізді, үстіңгі беті бұдырлы, сұрғылт жасыл түсті болады. Масақгүлі қалың, жасыл күлгін түсті, 3-6 гүлден тұрады. Өсімді (вегетативті) жолмен және тұқымынан көбейеді. Жемісі бір тұқымды. Тұқымында 11% белок, 12-18% протеин бар. Айғырқияқ — құнарлы мал азығы, сондықтан гүлдемес бұрын сүрлем, пішендеме даярлау үшін шабылады. Биологиялық бағалы қасиеттеріне байланысты будандастырып, өнімді өсімдіктер алу үшін де пайдаланылады. Айғырқияқ құмды бекіту үшін және жайылым өсімдігі ретінде кейбір аймақтарда қолдан өсіріледі.[1]
Көпжылдық биіктігі 50-100 см шөптес өсімдік.
Жапырағы сұрғылт жасыл, қатты.
Тамыры ұзын да көлбеу.
Гүл шоғыры масақ тәрізді.
Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказда, Батыс және шығыс Сібірде, Орта Азияда өседі.
Масақ шығарғанға дейін және дәні сүттенген кезде мал жақсы жейді, пішенге, сүрлемге арнап гулдемес бұрын шабады. Тұқымында 10,9% қорытылатын ақуыз бар. Биологиялық құнды қасиеттеріне байланысты ол жаңа, өнімді будандар алу үші де пайдаланады .
Айғыр қияқ құмды бекіту үшін және жайылым өсімдігі ретіде бірталай жерлерде қолдан егіп өсіріледі.
"The Plant List" мәліметі (2010 ж.) бойынша, синонимдары: