Акрилат — акрил қышқылының тұзы мен эфирі. Өндірісте акрилатты этиленциангидриннен және сейкес спирттен алады. Акрилаттар — акрил қышқылының эфирлері:CH2=CH-COOR немесе оның тұздары. Акрилаттар судан жеңіл, әрі онда нашар ериді, бірақ көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Барлық акрилаттар полимерлену реакциясына бейім келеді. Акрилаттар эфирлері полимерлер өндірісінде кеңінен пайдаланылады.
оның тұздары мономерлер түрінде баспа бояулары мен пасталарының қоспасы және лактардың құрамдас бөліктері ретінде қолданылады. Кальций акрилаты— акрил қышқылының тұзы; гигроскоптық кристалдар, топырақ эрозиясының тұрақтандырғышы, мұнай бұрғыларын тұмшалағыш (герметизациялаушы) ретінде колданылады.[1]
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |