Алау (мұзайдыны сарайы)

«Алау» мұзайдыны сарайы
Орналасуы

Астана, Қазақстан

Салынған

2009-2011 ж.

Ашылған

2011 ж.

Сыйымдылығы

8000

Сайты

https://www.alau.info/kaz/

Алау (мұзайдыны сарайы) (Қазақстан)

«Алау» мұзайдыны сарайыАстанадағы жабық коньки тебу стадионы. Шорт-трек, хоккей, кёрлинг және мәнерлеп сырғанаудан жаттықтыру және спорт жарыстарын өткізу үшін арналған. «Алау» мұзайдыны сарайы әлемдегі коньки тебу статиондарының ішінде 17-орынды иемденеді.[1] Статион голландтық AD Sportwereld басылымының жариялауы бойынша әлемдегі коньки тебуге арналған стадиондардың арасында бірінші орынды алады.[2] Сонымен қатар қосымша фитнесс орталығы да бар, онда футзал, т.б. ойындар өткізуге болады. Залдың 1 сағатын жалдау — 30000 теңге (соңғы 2012 жылғы қараша айы бойынша).

Архитектурасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Алау» мұзайдыны сарайы Астанадағы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Кешеннің жобасын қазақстандық «ВЛ» архитектура мекемесі жасаған, архитекторы В. А. Лаптев. Бас мердігер - Түркияның Сембол Иншат құрылыс компаниясы. Ғимараттың жалпы аумағы 41 670 кв.м,

Түс шешімінде үш стихия ұйғарылған Сарайдың архитектуралық тұжырымдамасының бейнесі сарай логотипінде көрініс табады.

Жасыл түс жаңаруды, жастықты, көктемді білдіреді.

Көк түс – мұз алаңын бейнелейді.

Қызғылт сары, алау түсі – бұл нысанның атауы.

Қызғылт сары – бұл әрекеттің, жігерліліктің және бостандықтың түсі. Қызғылт сары түстің басты мағынасы және белгісі: әрекет, жылдамдық, ырғақтық, өмірге құштарлық.

Мұз ахуалын және климатын бақылау тұрғысынан қарағанда әлемде «Алаудың» өте жақсы жабдықталған. мұнда жасалған бар жағдайлар ең жылдам мұз қалыптастыру үшін ауа температурасының және ылғалдылықтың тиімді параметрлерін іздеуге мүмкіндік береді. Мұз үстінің температурасын өлшеу арқылы 400 метрлік жолақтағы температураның айырмашылығы 1 градустан аспайтыны белгілі болды.


Осы жүйенің арқасында көрермендерге өз орындарында жайлы болады. Сонымен қатар мінбеден бірнеше метр қашықтықтағы мұзайдында мүлдем басқа микроклимат орын алады. Жылы қабырға тағы бір аса маңызды рөлді орындайды, ол көрермендердің аяқ киімдерінен, сыртқы киімдерінен келетін шаңдардың бір бөлігін ұстап қалады. Бұл адам көзіне көрінер-көрінбес жай болуы мүмкін, бірақ мұз сапасында өте зиянды.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз айдыны. Алау мұзайдыны сарайы 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

  • А блогы - мұз алаңы мен трибуналар - 35 970 м2
  • Б блогы - Қонақ үй — 3 470 м2
  • В блогы - Фитнес-орталық — 4 200 м2
  • Г блогы- Әкімшілік блогы — 534 м2

Фитнес-орталық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Алау» фитнес орталығы сарайдың оңтүстік мұнарасында орналасқан. Бірінші қабатында кафе мен мини-футбол, гандбол мен баскетболдан дайындалуға арналған әмбебап спотртық зал бар, 2, 3, 4 қабаттарда жаңа құрылғылармен жабдықталған кардио және үштік залдары орын тепкен. Сонымен бірге мұнда фитнеске, йогаға арналған залдар мен SPA-центр орналасқан.

Төрт жұлдызды қонақүй

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Алау» қонақүй кешені мұз айдыны сарайының үш мұнарасының біреуінде орналасқан. Кешен 46 өте ыңғайлы нөмірлерден тұрады, олардың ішінде:

  • бір орынды нөмір— 11,
  • екі орынды нөмір— 31,
  • үш орынды нөмір— 4 (барлығы 85 орын).

Әр нөмірде спутникті ТВ -мен жабдықталған теледидар, телефон, мұздатқыш, салқындатқыш, сымсыз Wi-Fi интернет байланысы бар. Ең алдымен қонақүй «Алау» мұз айдыны сарайында болып жатқан жарысқа қатысушы спортшыларға арналған.

Спорттық жарыстар қабылдауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылдан бастап мұз айдыны сарайы жұмысын сынақ жарыстарды өткізуден бастады. 2011 жылдың 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін «Алауда» VІІ қысқы Азия ойындары өтті. Жарыстың басты нәтижелеріне 9 рекорд жатады.

Мұз алаңының рекордтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қашықтық Ерлер Әйелдер
500 метр 34,98
Жапония Joji Kato
01.02.2011
37,85
Қытай Jing Yu
01.02.2011
1000 метр 1.10,19
Қазақстан Роман Креч
26.03.2011
1.18,85
Қазақстан Jekaterina Ajdova
10.01.2011
1500 метр 1.47,37
Қазақстан Денис Кузин
04.02.2011
1.58,37
Қытай Fei Wang
04.02.2011
2400 метр 3.04,35
Оңтүстік Корея Do-Yeong Park
06.02.2011
2400 метр 3.04,35
Оңтүстік Корея Joo-Yeon Lee
06.02.2011
2400 метр 3.04,35
Оңтүстік Корея Seon-Yeong No
06.02.2011
3000 метр 3.56,00
Қазақстан Nikita Stavtsev
28.12.2010
4.07,82
Жапония Masako Hozumi
31.01.2011
3200 метр 3.49,18
Жапония Hiroki Hirako
06.02.2011
3200 метр 3.49,18
Жапония Teppei Mori
06.02.2011
3200 метр 3.49,18
Жапония Shouta Nakamura
06.02.2011
5000 метр 6.25,56
Оңтүстік Корея Seung-Hoon.88 Lee
31.01.2011
7.09,23
Жапония Masako Hozumi
05.02.2011
10000 метр 13.09,74
Оңтүстік Корея Seung-Hoon.88 Lee
05.02.2011
2 x 500 метр 70,000
Жапония Joji Kato
31.01. - 06.02.2011
76,090
Қытай Jing Yu
31.01. — 06.02.2011
спринттық көпсайыс 141,355
Қазақстан Роман Креч
25. - 26.03.2011
162,645
Қазақстан Tatjana Sokirko
25. — 26.03.2011
мини көпсайыс 168,022
Қазақстан Maksim Glazyrin
11. - 12.03.2011
167,978
Қазақстан Tatjana Sokirko
11. — 12.03.2011
кіші көпсайыс 157,520
Қазақстан Nikita Stavtsev
11. - 12.03.2011
174,864
Қазақстан Olga Zjigina
24. — 25.03.2011
үлкен көпсайыс 158,992
Қазақстан Artjom Belousov
24. - 25.03.2011

«Алау»мұзайдыны сарайы туралы пікірлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
« «Алау» - болашақ олимпиадалықтарға қызмет ету үшін ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спорттың даму орталығы болу үшін жасалған керемет спорттық құрылыс.
»

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Alau Ice Palace