Александер Жұлдызы (ағылш. Alexander's Star) — үлкен додекаэдр пішініндегі жұмбақ.
Александер жұлдызын 1982 жылы американдық математик Адам Александер ойлап тапқан, өнертабыс 1985 жылы 26 наурызда патенттелген. Ideal Toy Company фирмасымен жасап шығарылады. Екі нұсқада өндіріледі — жабыстырма немесе боялған жазықтықтармен, немесе боялған қағаздар түрінде көрсетуге боалды.
Фигураның 30 қозғалмалы жақтары бар. Жұмбақтың мақсаты – әрбір жұлдызды бірдей түсті жазықтықтар қоршайтындай етіп орналастыру. Шешуі алтытүсті Мегаминкстің құрылу жолына ұқсас келеді.