Александр Алексеевич Асанов

Асанов александр алексеевич (16.8.1953 ж.т., Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту а.) — мерген, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Нысана көздеуден (траншеялық стенд) дүние жүзінің екі дүркін чемпионы (1981), дүние жүзі чемпионаттарының төрт дүркін күміс (1979, 1983, 1985), үш дүркін қола (1982, 1983, 1986) жүлдегері. Стенд атумен 1969 жылдан айналысқан. 1977 ж. Қазақ дене тәрбиесі және спорт ин-тын бітірген. 1992 ж. дүние жүзінің, 1987, 1991 жылдары Еуропа Кубогының (1979, 1980, 1983, 1984, 1986) және “Достық-84” халықар. ойындарының жеңімпазы. “Халықтар достығы” орденімен марапатталған (1985).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3