Александр Николаевич Баширов (1955 жылы 24 қыркүйекте Тюмень облысы, Согом аулында дүниеге келген) – орыс актері және режиссер. [1].
1972 жылы Ленинградқа көшіп келіп, ПТУ-де оқиды. Кейін Выборгте Цемент зауытында жұмыс істейді. Әскерде борышын өтеп келгеннен кейін ВГИК-тің режиссерлік факультетіне тапсырады. Александр Баширов АҚШ азаматшасына үйленеді. 1990-1991 жылдары Нью-Йоркте «Бергхоф-студиясында» актерлік шеберлікке оқиды. Сергей Курехиннің театр қойылымдарына қатысады.
1996 жылы Санкт-Петербургте «Дебоширфильм» студиясының негізін қалайды. «Колибри» тобының мүшесі Инна Волковамен неке құрады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|