Альберт Инкпин (ағылш. Albert Inkpin), (16 маусым 1884 - 1944, Лондон) - ағылшын жұмысшы қозғалысының қайраткері, британдық коммунист және Британияның Коммунисттік Партиясының бірінші хатшысы.
1913 жылы Британ социалды партиясының бас секретары болып сайланды. Г.М. Гайндман бастаған социал - шовинистер тобына қарсы күресті. Инкпин Ұлыбритания Коммунистік партиясының (1920)негізін қалаушылардың бірі болды. Антисоветтік интервенцияға қарсы күреске белсене қатысты.1930 жылдан "Кеңес одағының достары" атты халықаралық қоғамын, кейін "Совет одағының достары" атты ағылшын қоғамын басқарды[1].