Альгемайнер Дойчер Нахрихтендинст (АДН) (Allgemainer Deutscher Nachrich- tendienst GmbH - ADN) - ақпараттык агенттік. [1]. 1946 жылы 10 қазанда бұрынты ГДР-да ақционерлік қоғам ретінде құрылған болатын. Берлинде орналасқан.
1992 жылы мамырында "Эффектен- Шпигель АГ" Дюссельдорфтык компанияның меншігіне өтті. Меншікті тілшілері ГДР газеттерін, радиосы мен теледидарын ішкі және халықаралық ақпараттармен қамтып, шетел агенттіктерінің хабарын береді. Шетелге де хабар таратады. Центрабельд - фото қызметі бар.
Мемлекет ішінде 40 мың сөзден аса ақпарат және 35- тей фотосуреттерді таратып; Еуропаның 7 елінін агенттіктеріне ақпарат таратумен қатар, Пренса Латина агенттігіне неміс тілінде 22 мың сөз ақпарат, ал Батыс Еуропаға неміс тілінде 20 мың ақпарат таратады. Арнайы неміс тілінде күнделікті бюллетень шығарумен қатар ағылшын, француз, испан, араб тілдерінде де күнделікті бюллетеньдер шығарады.
АДН қызметкерлерінің жалпы саны - 1350 адам. АДН-ның республика аумағында 14 аймақтық бөлімшелері, шетелдерде 40 тілшісі, 62 елде тұрақты тілшілері бар. АДН әлемнің 68 ақпараттық агенттіктерімен және фотоагенттіктерімен бірлесе отырып қызмет жасайды. Еуропа альянсындағы баспасөз агенттігі - ЕААП-ға мүше.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|