Ауыл | |
Амангелді | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Бұрынғы атаулары |
Богатое |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼400 адам (2021) |
Этнохороним |
амангелділік, амангелділіктер |
Амангелді шекарасы
|
Амангелді (2007 жылға дейін – Богатое[1]) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде орналасқан.
Бұл елді мекен бұрын Богатый ауылы деп аталған. Елдің айтуы бойынша балықтың көп болуы себепті, «Богатые места», «Богатые угодья» атауларының негізінде айтылса керек. Алғашқы балықшы ұжымдары 1930 жылдары құрылған. 1940 жылдары Ботақан ауылдық кеңесінен «Екпінді құрылыс» колхозының мүшелері қоныс аударған. 1959 жылы шаруашылыққа Амангелді есімі берілген. Ауданда ұсақ шаруашылықты ірілендіру мақсатында көрші «Қызылтаң» колхозына біріктірілді. Күні бүгін Бірлік ауылдық округіне қарайды.[2]
1999 жылы тұрғындар саны 366 адам (184 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 427 адамды (212 ер адам және 215 әйел адам) құрады.[3]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 400 адамды (203 ер адам және 197 әйел адам) құрады.[4]
Ауылда мектеп, балалар бақшасы, клуб, кітапхана, сауда нүктелері жұмыс жасайды.
|