Америка көмек әкімшілігі (АРА — Amerіcan Relіef Admіnіstratіon) — қайырымдылық көмек көрсететін халықаралық ұйым. Алғашқыда Еуропада тұратын, тұрмыс жағдайы нашар америкалықтарға көмек беру мақсатымен құрылған. Оны 1919 — 23 ж. Г.Гувер басқарған. 1-дүн. жүз. соғыс басталған кезде (1914) Ұлыбританиядағы АҚШ елшісі У.Х. Пейдж Америка көмек к-тін құруға ниеттеніп, бұл істі Г.Гуверге тапсырған. К-т 120 мың америкалыққа көмек беріп, елге жеткізді. Осыдан кейін Гувер Германия басып алған Бельгия мен Солт. Франциядағы аштыққа ұшырағандарға көмек беру үшін құрылған комиссияның басшысы болып тағайындалды. 4 жыл ішінде комиссия 10 млн. адамға көмек көрсетті. Бұған 1,5 млрд. доллар қаржы жұмсалды. Жеңіске жеткен одақтас мемлекеттердің басшылары 1918 ж. 11 қарашада Г.Гуверді Көмек беру және қайта құру ұйымына басшылыққа тағайындады. Бұл ұйым соғыста зардап шеккен Еуропа елдеріне азық-түлік көмегін көрсету міндетін іске асыруға тиісті болды. Ұйым 1920 жылға дейін 200 млн. адамды азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Дүн. жүз. соғыс зардабы көп елге тигендіктен көмек ету шараларының ауқымы кеңейе түсті. Сондықтан Г.Гувер аталған ұйымды “Америка көмек әкімшілігіне” айналдырып, қайта құрды. Әкімш-тің қызметіне конгресс 100 млн. доллар қаржы бөлді. 1921 — 23 ж. әкімш. Еділ бойындағы және Украинадағы аштыққа ұшыраған халыққа көмек көрсетті.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|