Анатолий Галактионович Петрицкий

Анатолий Галактионович Петрицкий
Петрицький Анатолiй Галактiонович
Туған күні

31 қаңтар (12 ақпан) 1895 (1895-02-12)

Туған жері

Киев, Украина

Қайтыс болған күні

6 наурыз 1964 (1964-03-06) (69 жас)

Қайтыс болған жері

Киев, Украина

Азаматтығы

 КСРО

Жанры

сценограф

Анатолий Петрицкий Галактионович (1895 — 1964) — совет кескіндемешісі, КСРО халық суретшісі (1944).

1922—24 ж. Вхутемаста (А. Д. Древин мен Н. А. Удальцовадан) оқыды. 1946—50 ж. Киев көркемсурет институтында сабақ берді (1947 жылдан профессор). Театр суретшісі (1914 жылдан) ретінде конструктивиам ықпалында болды. 1930 жылдардың 1-жартысынан бастап костюмдер, театр декорация эскиздерін және қондырғылы картиналар, портреттер, плакаттар жасады.

Еңбектері: «Мүгедектер» (1924, Киев, Украин өнері музейі); И. К. Микитенконың «Біздің отанымыздың қыздары» (1933, Харьковтың Революция театры), А. Е. Корнейчуктың «Макар Дубравасы» (1948) мен «Бүргенді тоғайы» (1950, екеуі де Киевтің И. Я. Франко атындағы драма театрында) сияқты спектакльдердің декораңия эскиздері. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1949, 1951). Ленин ордені және басқа 4 орденмен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том