Англоаустралиялықтар (ағылш. English Australian) — Аустралияның негізгі халқы. Британ аралдарынан келген иммигранттардың ұрпақтары, 13,8 млн адам. (2000), 11,7 млн адамы Аустралияда. Олар сондай-ақ Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Папуа-Жаңа Гвинеяда және т.б. елдерде тұрады.
Дінге сенушілердің көпшілігі христиандар, негізінен англикандар, шотланд текті халық – пресвитериандық, ирландтар – католиктер. Олар батыс, шығыс және солтүстік диалектілері бар австралиялық ағылшын тілінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|