Андоке — Колумбияның оңтүстік-шығысындағы үндіс халқы. Нақты саны белгісіз – 610 адам (2000), 370 адам (2007).
Андоке тілі классификацияланбайды, солтүстік және оңтүстік диалектілерге бөлінеді. Кауфман андоке тілін бора-уитот тілдер тобына жатқызды. Қазіргі андокелер испан тілінде сөйлейді, кейбіреулері тупи тілінде сөйлейді.
Дәстүрлі нанымдарды ұстанады.
20 ғасырдың басында андокелердің саны (әртүрлі бағалаулар бойынша) 2-10 мың адам болды. Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік. 20 ғасырдың басында андокені резеңке жинаушылар түгелге дерлік жойды. 1932 жылы Перу мен Колумбия арасындағы соғыс кезінде қалған 300 андоке Икитос аймағына қуылды. Соғыстан кейін андокелер бірігіп, өздерінің этникалық территориясына көшті.
Қазіргі андокелер тауар-ақша қатынастарына (сату үшін каучук алу) қатысады, олардың мәдени қайта жандану, санының өсуі тенденциясы байқалады.[1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |