Анимантаркс. Нодозаврид отрядына, анкилозавр тұқымдасына жататын анимантаркс осыдан 106—97 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде Солтүстік Американы мекендеген. Шөппен қоректенетін, баяу қозғалатын динозавр. Оның денесі ауыр сауытпен қапталған, бірақ басқа нодозаврлардай құйрығының ұшында шөқпары болмаған. Бассүйегінің ұзындығы — 25 см, жалпы ұзындығы — 3 метр. Атауы латынның «аниматус», яғни «қорған» деген сөзіннен шыққан. Динозаврдың сырт келбеті, шындығында да, сауытты қорғанға ұқсаған. 1914 жылы Йель университетінің профессоры Рамал Джонс анимантаркстың қаңқасын зерттеп ашқан. Осы уақытқа дейін анимантаркстың тек бір ғана қаңқасы қайта қалпына келтірілді.