Арам жуа

Арам жуа
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Allioideae
Тайпасы: Allieae
Тегі: Allium
Түрі: A. caspium
Екі-есімді атауы
Allium caspium
(Pall.) M.Bieb

Арам жуа[1] , Каспий жуасы (лат. Allium caspium) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Торғай, Сарыарқа, Атырау, Ақтөбе, Арал және Каспий маңы, Қызылорда, Мойынқұм, Қызылқұм, Шу, Іле тауы, Қаратау аймақтарының құмды шөлдерінде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Жуашығы домалақ, көлдеңесі 2 – 4 см, қара сұр қабықпен қапталған. Төрттен бір бөлігі жапырақ қынабымен көмкерілген. Гүлшатыршасы домалақ, көп гүлді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ тәріздес. Арам жуаның құрамында сапонин көп. Сондықтан ол улы келеді. Құм тоқтату үшін өсіріледі.[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
  2. Қазақ энциклопедиясы I том