Арбузов реакциясы немесе Михаэлис — Арбузов реакциясы, немесе Арбузов қайта топтауы - 3 валентті фосфор қышқылы эфирінің органикалық галогениттер әсерінен 5 валентті фосфор қосылыстарын түзе қайта топталуы. Арбузов реакциясы нәтижесінде фосфор - көміртектің жаңа байланысы түзеледі:
Егер де 3-алкилфосфит пен алкилгалогенид R1 и R2 бірдей болса, бұл жағдайда көбінесе реакция Арбузов қайта топтауыдеп аталады. Реакция 1898 жылы Август Михаэлиспен алғашқы рет жүргізілген.[1]. Бірақ дәлірек Александр Арбузов зерттеп, зерделеген[2][3].
Қазіргі таңда Арбузов реакциясы С-Р алкилденген байланысымен немесе 3 валентті фосфордың толық эфирлерін арилдану үшін қолданылады:
І сатысы:
ІІ сатысы - Арбузов қайта топтауы реакциясы
Арбузов реакциясы әр түрлі фосфор-органикалық қосылыстар, дәрі-дәрмектер алу үшін пайдаланылады.
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |