Арман Барбес, фр. Armand Barbès (18.09.1809, Пуэнт-а-Питр, Гваделупа аралы ‒ 26.06.1870, Гаага) - француз революционер-демократы және саясаткер.
19 ғ. 30-шы жылдары Луи Огюст Бланкимен бірге "Отбасылар қоғамы", "Жыл мезгілдерінің қоғамы" атты жасырын революциялық одақтар құруға қатысты. 1848 ж. революциядан кейін "Адам және адамзат праволары қоғамы" ОК мүшесі, "Революция клубының" төрағасы болды. 1848 ж. 15 мамырда демонстрацияға беосене қатысты. 1848-54 ж. түрмеде отырды. Босатылғаннан соң шетелдерге кетті. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс Барбестің қызметі франциялық революциялық қозғалысында нағыз пролетариаттық қанаттын қалыптасуына кедергі жасады деп көрсетті[1].