Арна – гидрологияда өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Ені бірнеше метрден ондаған км-ге жетеді;
Арна - техникада (байланыста) – таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпаратты алушыға) дабыл (сигнал) тарайтын тех. құрылым немесе физ. орта.
Арна — мәліметтерді бір құрылғыдан екінші құрылғыға жеткізуге арналған техникалық құралдар жиынтығы. Шалғай құрылғыларға қызмет көрсету сипаты бойынша арналар мультиплекстік және селекторлық болып бөлінеді;
Арна - екі құрылғы арасындағы мәлімет беретін жол немесе жалғастыру. Компьютерде арна ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Байланыс жүйелерінде арна ретінде ақпарат тасуышты қабылдайды;
Арна хабарлардың шығу көзі мен оны қабылдаушыны өзара байланыстыратын қатынас жүйесінің бөлігі.[1]
↑Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл — айрық бет. Көп мағыналы термин сұралғанда, оның мағыналарын ажыратып, қолданушыны тиісті мақалаға бағыттау үшін жасалған. Қандай да бір ішкі сілтеме осы бетке бағыттаса, сілтемені өзгертіп, тиісті бетіне тікелей сілтейтін қылып өзгертіңіз.